Тематическое ОУД " Дос іздеген бота» » ГККП "Ясли сад №32"
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№32 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 223-37-37
Әдіскер:
+7(727) 223-35-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тематическое ОУД " Дос іздеген бота»
13
декабрь
2019

Тематическое ОУД " Дос іздеген бота»



Алматы қаласы, №32 бөбекжай-балабақшасы

Қазақ тілі мұғалімі: Дауренқұлова Л.С.


Тақырыбы « Дос іздеген бота»

Мақсаты:Ертегі көрініс арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу. Рөлдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу; көркем сөздерді мәнерлеп орындауға бағыттау, жануарларға деген сүйіспеншілігін, қамқорлық сезімін қалыптастыру.

Жұмбақ жасыру,Сахналау(ертегі).Мақал мәтел айту(дос туралы)

Тақпақтар айту (жануарлар туралы) түйе,бота,бұзау,күшік,мысық,әтеш,қарға,бақа,ара

Ойын құралдары:маска, костюмдер

Ойын барысы:

Жұмбақ:

Өзі жап-жас,мұрты бар, Ет пен сүтке ұмтылар.(Мысық)

Өзі бір жануар ,үстінде екі тауы бар.(Түйе)

 Қамыс құлақ,Тостаған тұяқ. ( Жылқы)


Мақал- мәтел

Жұз сомың болғанша ,жүз досың болсын.

Не имей  сто  рублей,а имей сто друзей.


Друг всегда паможет.

Досың әрқашанда көмектеседі.


Достық біздің тірегіміз.

Дружба наша опора.

Тақпақтар(жануарлар туралы)

Түйе:  Түйе, түйе, түйемін

            Жануармын киелі

            Жан-жағыма қараймын,

Күн мен түнді санаймын 

Бота:Бота, бота, ботамын

Ақылды боп атандым

           Тостағандай көзім,

Әдемімін өзім.

Автор: Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты.

Автор: Түйе өзінің жібек жүнді, сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.

Түйе:Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес. (бота басын изеп тұрады)

Автор: Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады.

Автор: Жайылып жүрген құлынды көріп:

Бота:Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Құлын: Иһ-һа-һа, кел, екеуміз дос болайық

Бота:Жоқ, сен сияқты дос емес

Құлын: Мүмкін бұзау болар

Автор: Бота бұзауға келіп:

Бота:Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Бұзау:Мө-ө-ө, кел, екеуміз дос болайық

Бота:Жоқ, сен сияқты дос емес

Бұзау:Мүмкін қодық болар

Автор: Бота қодыққа келіп:

Бота:Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Қодық:И-а-и-а, кел, екеуміз дос болайық

Бота:Жоқ, сен сияқты дос емес

Қодық:Мүмкін қозы болар

Автор: Бота қозыға келіп:

Бота:Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Қозы:Мә-ә-ә, кел, екеуміз дос болайық

Бота:Жоқ, сен сияқты дос емес

Қозы:Мүмкін күшік болар

Автор: Бота күшікке келіп:

Бота:Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Күшік:аф-аф, кел, екеуміз дос болайық

Бота:Жоқ, сен сияқты дос емес

Күшік:Мүмкін мысық болар

Автор: Бота мысыққа келіп:

Бота:Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Мысық:Мияу-мияу, кел, екеуміз дос болайық

Бота:Жоқ, сен сияқты дос емес

Мысық:Мүмкін әтеш болар

Автор: Бота әтешке келіп:

Бота:Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Әтеш:Ку-ка-ре-ку, кел, екеуміз дос болайық

Бота:Жоқ, сен сияқты дос емес

Әтеш:Мүмкін қарға болар

Автор: Бота қарғаға келіп:

Бота:Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Қарға:Қа-а-рр,қа-а-рр, кел, екеуміз дос болайық

Бота:Жоқ, сен сияқты дос емес

Қарға:Мүмкін бақа болар

Автор: Бота бақаға келіп:

Бота:Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Бақа:бақ-бақ, кел, екеуміз дос болайық

Бота:Жоқ, сен сияқты дос емес

Бақа:Мүмкін ара болар

Автор: Бота араға келіп:

Бота:Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Ара:З-з-з-зз, кел, екеуміз дос болайық

Бота: Жоқ. Сен ызылдақсың.


Автор:Ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, ерні салпиып бота өз анасына келеді.


Түйе: Дос таптың ба, ботам?

Бота: Жоқ, анашым, тура мен сияқты ешкім жоқ екен

Түйе: (жымиып) Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек.

Автор:Бота қуанып, адал достары: құлынды, бұзауды, қодықты, қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, қарғаны, бақаны ертіп келіпті. Ал, араны сабырсыздығы үшін қоспаған екен.                                           


Балалар: Ән «Тұлпарым». 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив