Қазақ тілін дамыту бойынша жылдық есеп » ГККП "Ясли сад №32"
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№32 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 223-37-37
Әдіскер:
+7(727) 223-35-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілін дамыту бойынша жылдық есеп
13
июнь
2022

Қазақ тілін дамыту бойынша жылдық есеп


2021-2022 оқу жылына арналған 

қазақ тілі мұғалімінің жылдық есебі

Мен, Дауренқұлова Ляйля Саметаевна МКҚК «№32 бөбекжай балабақшасында» қазақ тілі мұғалімі болып   жұмыс істеймін. Осы жылдың I жарты жылдығына 3-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жұмыс жүргіздім.

Менің топтарым: орта топтар «Бәйтерек» «Күншуақ» «Айгөлек», ересек топтар «Қошақан» «Таңшолпан» «Шаттық», мектепалды даярлық тобы «Нұршашу», «Шағала», «Балауса», «Жұлдыз», «Ақбұлақ» топтарында жұмыс жүргіздім. 

Өз жұмысымда тұлғаның жан-жақты дамуына, қазақ тілінде білімімді қалыптастырып, әлеуметтік ортада дұрыс қарым-қатынасқа қаблетті шығармашылық тұлғаны тәрбиелеп, мектепке дейінгі орта, ересек, мектепалды даярлық жастағы балалардың мемлекет тілді меңгеруіне, өз үлесімді қостым. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бағдарламасы бойынша жеке тұлғаны қазақ тілінде оқытып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландырып, жаңа технология арқылы үйреттім. Қазақ тілін үйретуде менің негізгі мақсатым: балалардың сөздік қорын көбейту, меңгерген жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, ауызекі сөйлеу тілінде үйренген сөздерін сөздермен байланыстырып сөйлеуін дамытудамын. Балалардың қазақ тіліне деген сүйспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін бағалауды жас ұрпақтың бойына сіңірудемін. Дыбыстардың ерекшелігін жете меңгертіп, қазақ тілінде тақпақтар, жұмбақтар үйреттім. Ұйымдастырылған қатынас оқу қызметінде, жоғарыда аталған жұмыстарды дамыту мақсатында сұрақ -жауап, сөйлесу, әңгімелесу, ертегі оқып беру, ертегі көрсету, кейіпкерлерді сахналау әдіс-тәсілдер қолдандым. Балалардың жас ерекшелігіне сәйкес көрнекі құралдарды қолданып, заманауи талабына сай техника құралдарын «сиқырлы қалам»-ды; интербелсенді тақтаны пайдаланып, қазақ тілінде ертегі дискілерді көрсетіп, дидактикалық ойындар ойнатып, балалардың қазақ тіліне деген ынта -жігерлерін арттырдым. Ересектер тобына ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балаларды шаршатпай, денсаулығын сақтай отырып, күн тәртібіне сәйкес ҰОҚ  жүргіздім. Үйренген сөздерді пайдаланып, сурет мазмұнын түсініп айтуға үйреттім, өлең, тақпақ, жұмбақ оқып, тыңдап, жаттап айтуға үйреттім. Өз ойыншықтарын (доп, машина,қуыршақ), отбасы (әке, ана, ұл,қыз, аға, іні, қарындас), отан (рәміздер, ту, герб, гимн), киімдер (көйлек, жейде, шалбар, етік, қолғап), ыдыс-аяқ (кесе, тәрелке, шәйнек, шанышқы), азық-түлік (нан, май, сүт, ет, шұжық), үй жануарлары (ит, мысық, сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі), жабайы аңдар(қоян, түлкі, қасқыр, аю, піл, арыстан, маймыл),«қоршаған орта»,«жұмбақтар», «мақал-мәтелдер», үй құстары (тауық, әтеш, балапан,үйрек,қаз), жыл мезгілдері (қыс, көктем, жаз, күз), қазақ тіліне тән дыбыстардың дыбысталу жүйесін, артикуляциясының оқылуына, жазылуына байланысты сөздерді меңгертіп, дауысты және дауыссыз дыбыстарды буынға бөлуді, фонетикалық және граматикалық талдауды үйреттім. «Мынау не?»,  «Мынау кім?», «Атың кім?» ,«Қай жыл мезгілі?», «Менің отбасымда кімдер бар?»   деген сұрақтар арқылы сөздерді байланыстырып, сөз тіркесімен сөйлемдерді құрастырып сөйлеуге үйретіп, сөздік қорларын толықтырдым. Тақырыпқа сәйкес «сұрақ-жауап», «танысу», «тыңда, көрсет, қайтала», «суреттер сөйлейді», «ғажайып қоржын», «суреттерді жина», «бұл қандай аң?», «ұшты..., ұшты....», «кемпір қосақ түстері», «жақсы, жаман» ойындарын қолдандым. Сонымен қатар жекелеген заттардың атауларын қазақ тілінде дұрыс айта білуге, заттардың түрін, түсін, санын ажырата алуға, өзі туралы қысқаша мәлімет беруге балаларды үйреттім. 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс жасадым. Балаларды адалдыққа, достыққа, адамгершілікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке, халқымыздың ғасырлар бойы сақтап, толықтырып келген даналық бұлағынан сусындасын деген оймен мақал-мәтелдерді, тақпақтарды үйреттім. Ата бабамыздың асыл мұрасын сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында әдет-ғұрыптан, салт-дәстүрден, айтыс өненрін үйреттім. Бүлдіршіндерді қатыстыра отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп қазақша сөйлеуге бейімдедім. Ересектер тобына арналған «Ана тілім-ардағым!»,«Қазақ тілі күндері» мерекесіне балалардың қатысуымен қазақ тілінде өлең тақпақтар жаттатып, қазақ халқының салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарынан мерекелік күндеріне қойылымдар қойып, қазақ тіліне деген ынта -жігерлерін арттырдым. Мектеп алды даярлық тобында балалармен мерекелік күндерінде қазақ тілінде тақпақтар жаттап, қойылымдардағы кейіпкерлердің рөлін  ойнады. Қазақ тілі кабинетінде «Қазақ үй» бұрышын жасап, қазақ халқының салт дәстүрлерін сақтай отырып, ою-өрнектер мен құрақ көрпешелер тігіп, қазақ халқының зергерлік бұйымдарын қойып, әсемдедім. Балаларды қазақ халқының салт-дәстүрлеріне    деген қызығушылығын арттырдым. 

«Қазақ үйден» өлең, жыр, ертегілер тыңдаса, «Асыл мұрадан» өлең-жыр, әңгімелер тыңдады Міне, осылай тәрбиеленушілердің білім алуына, қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға өз үлесімді қостым.  


Баланың жан-жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықтар дамыта отырып жұмыс істеуге бейімделіун ,топта, жұпта жұмыс істей алуына сын тұрғысынан ойлау (СТО бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылып, әр баланың ойы шығармашылықпен ұштастырылып , өзі ойланып, ойын айтады, оқу барысында шығармашылығы  қалыптасады.Сен не ұқтың?,Сен не білгің келеді?,Сен неге бұлай ойлайсың?..),тірек-сызба технологиясы, дамыта оқытутехнологиясы, деңгейлеп-саралап (жеңілден ауырға қарай) оқыту технологиясын өз жұмысымда пайдаландым. Иновациялық технологияның (бірі- деңгейлеп оқыту-баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталады) өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына   мүмкіндік бердім.

Мақсатым: Қазақ тілінің мәртебесін қөтеру мақсатында педагогтермен аптасына бір рет  «Біз қазақша сөйлейміз» атты іс-шаралар, дисскуция, сұрақ-жауап өткіземіз. Сонымен қатар  ата-аналармен бірлесіп, тәрбиеленушілер арасында «мәнерлеп оқудан»; «Айтыс» өнерінен аудан, республика көлемінде жарыстарға қатысып, қызықты конкурстар өткіздім.

Тіл мәртебесін   көтеру мақсатында ата-аналармен (зум)   онлайн арқылы кеңестер беріп, әр баланы оның қабілетіне жас ерекшелігіне қарай оқыту, мониторинг деңгейі төмен пайызды көрсеткен баламен жұмыс жасау, дарынды баланың тереңірек білім алуына жағдай жасау,баланың ынтасын, қабілетін арттыру жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, талантты балалар өздерінің қаблеті мен икемділігін одан ары бекіте түседі, әлсіздер тіл үйренуге ниет білдіріп  сенімсіздіктен арылады.Топтағы балалардың деңгейі әр түрлі болғандықтан тапсырмалары да деңгейлеріне қарай беру арқылы оларға тіл үйретуде елеулі жетістіктерге жеткіземін.

   Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында дидактикалық ойындар ойтатып,(ойын баланың дүниетанымын, ауызекі сөйлеу мәдениетін,  ой-өрісін,  тіл дамуын жетілдіреді.)  көрнекіліктерді пайдаландым. Бұдан әр баланың шығармашылығы артады, жылдам жұмыс істеуге дағдыланады, баланың жеке қабілеті ашылады, бала топ жаруға ұмтылады,  баланың ойлау қабілеті дамыйды. Мерекелік іс-шараларда жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар жаттап айтады. Ертегілер балалардың білгір, батыл, ойшыл,  еңбекқор, өнерпаз болуына ықпал етеді. Ертегіні сахналап жатқанда балалар өздерінің қалаған кейіпкерлерінің сөзін жатқа айта отырып, мінез-құлық, іс-әрекетін  ым-шара арқылы көрсетуге тырысады. Ертегі арқылы баланы адамгершілік қасиетке тәрбиелеуге болады.

   Менің міндетім: Мемлекеттік тілдің «Тіл мәртебесінің» мерейін үстем етіп, аясын кеңейтіп, тіл дәрежесін көтеру болып табылады. 

    Сонымен қатар 09.03-19.03.2021ж. «Өрлеу біліктілікті арттыру орталығында» «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындапән мұғалімдерінің кәсәби құзыреттілігін дамыту» 80 сағат қазақ тілінен біліктілігімді көтеру мақсатында курстан өттім.


Тілдің граматикалық құрылымы бойынша зат есім атауларын біліп,жан-жанурларды танып ,қоршаған ортадағы зат атауларымен танысып оларды атай алуға үйренді.

Тілдің дыбыстық мәдениеті бойынша естіген дыбыстардың артикульяциасына  мән бере отырып дауысты, дауыссыз дыбыстарды ауыз қуысынан  анық шығаруға,екпінді дыбыстарға дұрыс қойып айтып жаттықты.

Сөздік қор жинақту бойыншаайналадағы зат атаулары бойынша,жалпылама сөздерді атып,антонимді,етістіктерді,  сөз таптарын   қолдануды үйренді.

Байланыстырып сөйлеу бойынша сұраққа жауап беруді үйренд.  Өз ой- пікірлерін 

2-3 сөзбен жеткізуді білді.

Тілдің шығармашылық   қызметі бойынша ертегілердегі кейіпкерлердің атауларын   біліп ,оларды ым-шара арқылы көрсетіп,оларға дегенқызығушылығы оянды.

Мемлекеттік  тіл бойынша басқа да халықтардың тілін білуді қалыптастырып сәлемдесу,амандасу,сәлемге жауап беру,балалармен қарым-қатынас жасау, бір –бірімен тату болуға, бір –бірімен танысуға бейімделді.

Мектепке дейінгі 3-4 жас  орта топ «Бәйтерек» «Күншуақ» «Айгөлек» топтарында қазақ тілінен қатынас мәдениетінің алғы шарттарын біліп, басқа балалардың жауабын тыңдап жауап беруге үйренді. 

Тілдің граматикалық құрылымы бойынша ,Зат есім атауларын біліп, жан-жанурларды танып , қоршаған ортадағы зат атауларымен танысып оларды атай алуға үйренді. Зат есімдердің жекеше,көпше түрін қолдана отырып балалармен қарым-қатынасқа түсе алды. 

Тілдің дыбыстық мәдениеті бойынша естіген дыбыстардың артикульяциасына  мән бере отырып дауысты, дауыссыз дыбыстарды ауыз қуысынан  анық шығаруға, екпінді дыбыстарға дұрыс қойып айтып жаттықты. Дауысты,  дауыссыз дыбыстарды анық айтып дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке;  дауыссыз дыбыстардың қатаң,  ұяң,  үнді болатыны білді.

Сөздік қор жинақту бойыншаайналадағы зат атаулары бойынша,жалпылама сөздерді айтып,антонимді,етістіктерді,сөз таптарын  қолдануды үйренді.Ойыншықтарды сипаттап айтып,сөздердің хабарлы,лепті,сұраулы,жай сөйлемдердің мәнеріне байланысты қолданды.

Байланыстырып сөйлеу бойынша сұраққа жауап беруді үйренді.Өз ой- пікірлерін 1-2-3 сөйлеммен жеткізуді үйренді.Суреттерге қарап жыл мезгілдерін ажырата алып, артық , кем, биік, аласа, ұзын, қысқа ұғымдарын түсіндірдім. Қуаныш шеңберін, сергіту сәттерін орындап санамақтарды жаттап алды.

Тілдің шығармашылық   қызметі бойынша ертегілердегі кейіпкерлердің 

атауларын  біліп ,оларды ым-шара арқылы көрсетіп,оларға деген қызығушылығы оянды.Ертегідегі кейіпкерлерді драматизациялауды үйренді. Қысқа өлең,

тақпақтарды айтып беруге машықтанды.

Мемлекеттік  тіл бойынша басқа да халықтардың тілін білуді қалыптастырып сәлемдесу,амандасу,сәлемге жауап беру,балалармен қарым-қатынас жасау,тату болуға,бір –бірімен танысуға үйренді.Заттардың атауларын мемлекеттік тілде дұрыс айтып беріп соған сәйкес сандарды да  беске дейінжәне кері  санады.

Мектепке дейінгі 4-5; жас ересек топтар «Қошақан» «Таңшолпан» «Шаттық» топтарында, қазақ тілінен қатынас мәдениетінің алғы шарттарын біліп,басқа балалардың жауабын тыңдап жауап беруге үйренді. Басқа балалармен қатынасқа түсу үшін сөздерді, өз ойларын мимикамен,ым шара арқылы қолдануды үйреттім. 

Тілдің граматикалық құрылымы бойынша Зат есім атауларын біліп, жан-жанурларды танып, қоршаған ортадағы зат атауларымен танысып оларды атай алуға үйренді.зат есімдердің жекеше,көпше түрін қолдана отырып балалармен қарым-қатынасқа түсе алды. Салалас, салалас –сабақтас құрмалас жай сөйлемдерді, сөз таптарын: сан есім,сын есімдерді пайдалана отырып сөйлем түрлерін белсенді түрде қолдануды үйреттім.

Тілдің дыбыстық мәдениеті бойынша естіген дыбыстардың артикульяциасына 

 мән бере отырып дауысты, дауыссыз дыбыстарды ауыз қуысынан  анық шығаруға,екпінді дыбыстарға дұрыс қойып айтып жаттықты. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды анық айтып дауысты дыбыстардың: жуан, жіңішке; дауыссыз дыбыстардың: қатаң, ұяң, үнді; болатыны үйренді.

Сөздік қор жинақту бойынша айналадағы зат атаулары бойынша, жалпылама сөздерді атып, антонимді, етістіктерді, сөз таптарын   қолдануды үйренді. Ойыншықтарды сипаттап айтыпберді. Сөздердің хабарлы, лепті, сұраулы, жай сөйлемдердің мәнеріне байланысты ұғымдарды қалыптастырдым. Балалар мақал-мәтел, жұмбақтар, тақпақтар жаттап айта алды. Сөздік қорын жинақтады.

Байланыстырып сөйлеу бойынша сұраққа жауап беруді үйренді.Өз ой- пікірлерін 2-үш сөйлеммен жеткізуді үйренді. Суреттерге қарап жыл мезгілдерін ажырата алып, артық , кем, биік аласа, ұзын, қысқа ұғымдарын түсіндірдім. Қуаныш шеңберін , сергіту сәттерін орындап санамақтарды үйренді.Сауаттылық негізінде қолды жазу, сызуға икемдеп, 4-5 сөзді есту арқылы, дыбыстық талдау жасапсөз, буын, сөйлем туралы жалпы түсінік қалыптастырды.  Сандарды да  беске дейін және кері  санап үйренді.

Тілдің шығармашылық   қызметі бойынша ертегілердегі кейіпкерлердің атауларын   біліп ,оларды ым-шара арқылы көрсетіп,оларға деген қызығушылығы оянды. Ертегідегі кейіпкерлерді драматизациялауды үйренді. Қысқа өлең, тақпақтарды айтып беруге машықтанды. Балалардың бойында адамгершілік қасиет қалыптастырып, тақпақ, өлең оқып, әдеби мәтін бойынша түсіні айтып беруге үйренді.

Мемлекеттік  тіл бойынша басқа да халықтардың тілін білуді қалыптастырып сәлемдесу, амандасу,   сәлемге жауап беру,  балалармен қарым-қатынас жасау,  тату болуға, бір –бірімен танысуға үйренді. Заттардың атауларын, рәміздерді, туды, елтаңбаны түсініп, мемлекеттік гимнді мемлекеттік тілде дұрыс айтып берді. 

Мектепке дейінгі 5-6 жас  мектепалды даярлық тобы «Нұршашу», «Шағала», «Балауса», «Жұлдыз» «Ақбұлақ», қазақ тілі пәнінде қатынас мәдениетінің алғы шарттарын біліп,басқа балалардың жауабын тыңдап жауап беруге үйренді.   Басқа балалармен қатынасқа түсу үшін сөздерді,өз ойларын мимикамен, ым-шара арқылы қолдануды үйреттім. 

Заттардың қасиеті мен пішінін, түр-түсін ажырата біліп,қоршаған ортадағы құбылыстар жайында түсініктері дамып белсенді түрде қарым-қатынасқа түседі.

Тілдің граматикалық құрылымы бойынша  Зат есім атауларын біліп,  жан-жанурларды танып ,  қоршаған ортадағы зат атауларымен танысып оларды атай алуға үйренді. Зат есімдердің жекеше, көпше түрін қолдана отырып балалармен қарым-қатынасқа түсе алды. Салалас,   салалас –сабақтас құрмалас жай сөйлемдерді,  сөз таптарын: сан есім, сын есімдерді пайдалана отырып сөйлем түрлерін белсенді түрде қолдануды үйреттім.

Тілдің дыбыстық мәдениеті бойынша естіген дыбыстардың артикульяциасына     мән бере отырып дауысты, дауыссыз дыбыстарды ауыз қуысынан  анық шығаруға,екпінді дыбыстарға дұрыс қойып айтып жаттықты.  Дауысты,  дауыссыз дыбыстарды анық айтып дауысты дыбыстардың: жуан,  жіңішке;  дауыссыз дыбыстардың :  қатаң,   ұяң,  үнді; болатынын білді және үйренді.

Сөздік қор жинақту бойыншаайналадағы зат атаулары бойынша,жалпылама сөздерді атып, антонимді, етістіктерді,сөз таптарын  қолдануды үйренді. Ойыншықтарды сипаттап айтып берді. Сөздердің хабарлы, лепті, сұраулы,  жай сөйлемдердің мәнеріне байланысты ұғымдарды қалыптастырдым.  Балалар 

мақал-мәтел,  жұмбақтар,   тақпақтар жаттап айта алды.  Сөздік қорын жинақтады. Өлең жолдарын жатқа айтып,есте сақтау қабілеттерін аштым.

Байланыстырып сөйлеу бойынша сұраққа жауап беруді үйренді. Өз ой- пікірлерін

 2-3 сөйлеммен жеткізуді үйренді. Суреттерге қарап жыл мезгілдерін ажырата алып, артық , кем, биік, аласа, ұзын, қысқа ұғымдарын түсіндірдім. Қуаныш шеңберін, сергіту сәттерін орындап санамақтарды үйренді. Сауаттылық негізінде қолды жазу,сызуға икемдеп, 4-5 сөзді есту арқылы, дыбыстық талдау жасапсөз, буын,     сөйлем туралы жалпы түсінік қалыптастырды.  Сандарды да   беске дейін және кері  санап үйренді.  Сөздерді ойнай отырып кейіпкерлердің жақсы, жаман қасиеттерін ажырата білді, сөздерді байланыстыра сөйлеуді үйренді.    Ертегідегі кйіпкерлердің  рөлін сомдап, дауыстарын құбылтуды еркін меңгеріп айтуға үйренді.  Жан-жануарлардың даусын салды. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды анық айтып қолданды.


Тілдің шығармашылық   қызметі бойынша ертегілердегі кейіпкерлердің атауларын  біліп , оларды ым-шара арқылы көрсетіп, оларға деген қызығушылығы оянды. Ертегідегі кейіпкерлерді драматизациялауды үйренді. Қысқа өлең, тақпақтарды айтып беруге машықтанды.  Балалардың бойында адамгершілік қасиет қалыптастырып, тақпақ, өлең оқып,  әдеби мәтін бойынша түсіні айтып беруге үйренді. Балалардың қазақ      тілге деген қызығушылығы артты. Сөздік қорлары жинақталды.  Балалар байланыстыра сөйлеп,  жүйелі  ойлары қалыптасты. Қазақ халқының салт- дәстүрімен танысты, ұлттық ойындармен (асық ату, теңге алу,  ханталапай асық ойыны,  орамал тастау, қыз қуу) ойнады. Ән-билерін, айты өнерімен танысты. Қыз және бала болып айтысты   айтып үйренді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай балалар Абайдық қара  сөздерін, лирикалық әндерін жатқа, мәнерлеп айтты. Ж. Жабаевтың 175 жылдығына орай өлеңдерін оқып танысты. Ы. Алтынсарин өлеңдерін жатқа айтты. Айтыстарды  жатқа айттып үйренді.

 «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі» номинациясы бойынша аудандық жобаға қатысып, үздік   нәтиже көрсеткені үшін Лунгина Мария мен Бейбітұлы Нурислам марапатталды. Республикалық «Қазақтың қайсар ұлдары» атты жобаға мәнерлеп оқудан қатысып Бейбітұлы Нурислам,Жағыпбар Сырғалым,Серікбай Шұғыла     екінші орынды алса, сурет салудан Гиба Кира бірінші орын, Бекетов Айсұлтан, Вавин Назар, Жағыпбар Сырғалым, Окасова Медина, Папов Марк, екінші орынды алды.

Сонымен қатар, 1-мамыр халықаралық бірлік күніне, 7-Мамыр ҚР қарулы күштер күніне, 9-мамыр жеңіс  күніне өлең тақпақтар айтып , Отан соғысы ардагелеріне   құрмет көрсетіп, қазақ тілінде өлең тақпақтар айтып,ерліктеріне тағзым етіп еске алды.

Балабақшамен  қоштасуға мектепалды даярлық топтары қазақ тілінде сахналық қойылымдар қойды, өлең тақпақтарын да айтты.

Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктіліктері мен дағдыларын даму мониторингі бойынша 313 тәрбиеленуші,оның ішінде : I деңгейде - 0  %; II деңгейде - 27%,

 III деңгейде - 73% нәтижемен 2021-2022 оқу жылын аяқтадым.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив